Құтқарушылар құдыққа құлаған күшікті алып шықты – ШҚО
Фото: gov.kz
ШҚО ТДЖ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері құдыққа күшік құлап кеткені туралы хабар алған.
Жануар Өскемен қаласы Гагарин бульварының бойындағы құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнына жеткен жедел қызмет мамандары тереңдігі 2 метрден асатын құдыққа құлаған күшікті алдымен жануар аулауға арналған ілмек арқылы құтқаруға тырысты. Алайда еш нәтиже болмағандықтан қызметкерлер өзге тәсілге көшкен.
Құтқарушылар құдықтың беткі бөлігін бөлшектеп, шұңқырдың түбіне түсіп, күшікті алып шықты.
Төтенше жағдай кезінде «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.
Оқи отырыңыз