KZ
Өскемен
-2°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
492.22 529.38 5.03

Алтай және Глубокое аудандарының әкімдері 5 қарашада сайланады

Фото: Тілеубек Шаяхмет

11.09.2023, 13:21 366 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде мәслихаттың кезектен тыс алтыншы сессиясы өтті.

Депутаттар әкімдердің сайлауын өткізу үшін пилоттық аудандарды таңдап алды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Халық қалаулылары сайлауды Риддерде өткізу жөнсіз болады деген пікірде, себебі қала әкімі осы жазда ғана тағайындалған еді.

Күршім, Зайсан және Ұлан аудандарындағы жағдай да осыған ұқсас.

Сондай-ақ жаңадан құрылған аудандарда әкім сайлауын кейінге қалдыру туралы шешім қабылданып отыр.

Пилоттық сайлау Алтай және Глубокое аудандарында өткізілетін болды.

- Сайлаудың өтетін уақыты 50 күн бұрын белгілі болуға тиіс. Яғни, бұл күн 2023 жылдың 5 қарашасына түседі, - деді облыстық мәслихат төрағасы Денис Рыпаков.

Заңнамаға сәйкес 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін облыстық маңызы бар пилоттық қалалар мен аудандардың тізіміне әкімшілік орталықтар кірмейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив