Парламент Сенаты депутаттарының сайлау науқаны бойынша отырыс өтті
![](/kz/uploads/posts/2022-12/bez-nazvanija.webp)
ҚР ОСК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлау науқаны шеңберінде отырыс өтті.
2022 жылғы 24 желтоқсанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Отырыс барысында күн тәртібіндегі үш мәселе қаралды.
Оның бірі - 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы.
Екінші мәселе 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауға қатысты.
Үшінші мәселе - «2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Интернет-ресурсының функционалын пайдалану регламентін бекіту туралы».