KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

Шығыс Қазақстанда бес этностың тілі оқытылады

Фото: informburo.kz

27.09.2023, 12:21 179

ШҚО әкімдігінде өткен жиында Тіл саясатын жүзеге асыру мәселесі қаралды. 
Тілдік капиталды дамыту міндеті бойынша бірқатар шара қолға алынған. Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде 5 этностың тілі оқытылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов айтты.

–    Тілдік әр алуандықты сақтау міндетін іске асыру шеңберінде облыста этнос өкілдерінің ана тілін оқытуға жағдай жасалған. Өскемен қаласының Шығыс Қазақстан халқының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде 5 этностың тілі оқытылады. ҚР Мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі болып саналатын ономастика мәселесінде тарихи атауларды жаңғырту, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды өзгерту жұмыстары белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес, халық пікірін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі күні ономастика комиссиясының құрамы жаңартылған. Комиссияның кезекті отырысында 93 ұсыныс қаралып, 71-не оң қорытынды беріліп, 22 ұсыныс қайтарылды. Республикалық тарихи тұлғалар тізіміне облыстан 10 тұлға ұсынылды, – дейді Нұрболат Ахметжанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив