Еңбек инспекциясына түскен өтініштердің 90 пайызы еңбекақы төлеуге қатысты – ШҚО

Фото: Шығыс ақпарат
ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторлары жыл басынан бері 1139 өтініш қараған. Оның 1133-і еңбек қатынастарына қатысты, алтауы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша. Өтініштің 90 пайыздан астамы – еңбек ақы төлеу турасында.
Өтініш жазылғаннан кейін облыстағы 98 кәсіпорын қызметкерлерге 99,6 млн теңге еңбек ақы төлеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ғалия Тоқтасынова биылғы 9 айда атқарылған жұмыс туралы баяндады.
Одан өзге 98 кәсіпорын тексеруге жеткізбей, қызметкерлердің еңбек ақысын берген. 417 қызметкерге 99,6 млн теңге төленіп, қызметкерлер инспекцияға жазған өтінішті қайта алған.