KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да еңбекті қорғау айы ұсынылды

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 16:53 356

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні жылда 28 сәуірде аталып өтеді. Бұл күн 2003 жылдан бері айрықша мәнге ие. 
Осыған орай, ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы қызметкерлерді сәуір айын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы деп жариялауға үндеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Бұл күнді атап өту идеясы 1989 жылғы америкалық және канадалық жұмысшылардың жұмыс барысында зардап шеккен және қаза тапқан әріптестерін еске алу күнінен бастау алады.
Халықаралық еңбек ұйымының ақпараты бойынша жыл сайын әлемде 2,3 миллионға жуық адам жұмыс орнындағы оқыс оқиғалар мен кәсіптік аурулардан қайтыс болады. Оның 317 мыңға жуығы өлімге әкеліп, жұмысқа байланысты аурулар әсерінен қайтыс болғандар саны шамамен 1,7-2 миллионды құраған. Сол себепті де ХЕҰ жазатайым жағдайлардың алдын алу, жұмысқа байланысты аурулардың ықтималдығын азайту үшін атаулы күнді күнтізбеге қосқан. 
ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы атаулы күнге орай еңбек құқығына қатысты барлық қызметкерлерді сәуір айын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау айы деп жариялап, 28 сәуірдің қорытындысын шығаруға шақырды. Олар ұжымда осы күнге арналған түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүргізіп, плакаттар мен үнпарақтар іліп, жадынамалар тарату сынды шараларды жүзеге асыра алады. 
Сонымен қатар жұмыс барысында "VisionZero" нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының қағидаттарын ұстану да – үлес қосудың бір жолы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу