KZ
Өскемен
-8°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Еңбек инспекциясы 282 бұзушылық анықтады – ШҚО

Фото: Шартты сурет

15.04.2023, 10:53 401

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мақсатында бірқатар шара атқарып келеді.
Сондай шаралардың бірі – тексеру жұмыстары. Жыл басынан бері осындай тексеру барысында 282 бұзушылық анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Барлығы 157 тексеру жүргізілген. Заңға қайшы әрекет ішінде еңбек қатынастары бойынша – 177, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 82,  халықты жұмыспен қамту бойынша 23 оқиға анықталды. Сонымен қатар 85 нұсқама беріліп, 10,1 млн теңге сомасына 62 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Басқарма басшысы Бақытбек Қизатовтың сөзінше, теріс әрекетке барушылармен қатар игі іс атқарып жатқандар да жетерлік.
14 кәсіпорында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілген. Жоба шеңберінде денсаулық жағдайы бойынша қауіпсіз жұмыс жүргізуді бақылау және персоналды қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқыту бойынша жұмысқа ауыстырылған 64 адам еңбек етіп жүр.
Сонымен қатар тағы 10 кәсіпорын келісімшарттық қатынастар шеңберінде жұмыс тәртібіне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушіден мердігерге дейінгі бақылаудың сатылы моделін енгізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу