KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,6 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өскемендегі мерекелік концертке Qanay қатысты

25.10.2023, 22:13 196 Нұржан Кенжеұлы

Өскеменде Республика күніне орайластырылған ерекше концерт өтті.

Шаһардың Республика алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға шығысқазақстандық және отандық әншілер қатысып, жиналған халыққа тамаша көңіл күй сыйлады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Әсіресе, ауа райының қолайсыздығына қарамастан орталық алаңға келуден бас тартпаған жергілікті өнерсүйер қауым танымал әнші Qanay-дың өнеріне тәнті болды. Алматыдан арнайы ат артып келген эстрада жұлдызы «Ритм-такт», «Ол қыз», «Улану», «Тойға шашу», «Қараңғы», «Ақ көгершін» сияқты хит әндерін орындап, жиналған жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ концерт барысында «Дольче» вокалдық тобы, Valdis, «Don’t stop» дуэті, «Best voise» тобы, Miras&Lenar, Ақмарал Төлеужанова мен Ернат Шәкенов, Радмир, Әсем Рыспаева, «Нон стоп» дуэті сияқты орындаушылар өнер көрсетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив