Өскеменде Республика күнін қалай атап өтеді?
25 қазан күні елімізде Республика күні мерекеленеді.
Шығыстың бас шаһарында ұлттық мереке қала әкімінің лебізімен басталады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ал сағат 09.30-дан 11.30-ға дейін «ЖАСА, МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ!» атты концерт қойылады. Бұған облыс, қала әртістерімен қатар қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады. Атап айтар болсақ, «Алтай» халық би ансамблі, Эльдар Уадинов, «Нон-Стоп» дуэті, Дамир Төлеужанов, Радмир Тұрсынбеков, Нұргүл Қабдоллаева, Ұшқын тобы, Родион Немцев, «Vero» дуэті, Айдын Алдархан, Әсем Рыспаева, «Дольче» тобы, «ИНКОРО» тобы, «Іңкәр» және «Домино» сынды жұлдызды ұжымдар өнер көрсетеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, мереке күні мемлекеттік рәміздер қойылған «Қазақстан» тауына жарыс ұйымдастырылмақ. «OSKEMEN RUN» жарысы сағат 11:00-де басталып кетеді.
Ал кешкі концерт 18.00-ден 20.00-ге дейін болады. Мұнда қала тұрғындары мен қала қонақтары жергілікті шығармашылық ұжымдары мен эстрада жұлдызы «Qanay»-дың өнерін тамашалайды.