Шығыста қатты желдің салдарынан паромдар тоқтап жатыр
ШҚО-да қатты желдің салдарынан «Қызыл ту» өткеліндегі паромдар тоқтап қалды.
Өткелдегі соңғы рейс бүгін сағат алты шамасында жасалды. Қазір паромдар Күршім ауылы жағындағы жағалауда тұр екен, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Паромдар қозғалысы уақытша тоқтатылды. Күн райы жақсарғанда қайта қатынайды.
Айта кетсек, қазір соққан желдің екпіні - 28-33 м/с.
Күршім ауданы әкімдігінің ақпараты бойынша, бүгін өткелде көлік аз болған. Тұрғындар мұндай жағдайларға түсіністікпен қарайтын көрінеді.
Оқи отырыңыз