KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Катонқарағай мен Таврия ауылдарында жаңа қазандық салынады

Шартты сурет

16.11.2023, 13:15 192 ALTAINEWS

Алдағы жылы Катонқарағай мен Таврия ауылдарында жаңа қазандық салынады.

ШҚО құрылыс, энергетика және ТҮКШ басқармасының ақпараты бойынша, биыл облыста жалпы сметалық құны 11,8 млрд. теңге болатын жылумен жабдықтаудың 10 жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жобаларға бюджеттен 4,98 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен бөлінген 1,1 млрд. теңге көлеміндегі қаражат есебінен Риддер қаласының жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, жұмыстар толық аяқталды. Биыл облыста жалпы ұзындығы 25,8 км жылу желілеріне жөндеу жүргізілді.  

- «Күшті өңірлер-елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жалпы құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба және  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ұлан ауданының Таврия ауылы, Қасым Қайсенов кенті, Катонқарағай ауылындағы жылу желілері мен қазандықты салу және реконструкциялау бойынша жалпы құны 3,2 млрд. теңге болатын 4 жоба алдағы жылы жалғасады. Катонқарағай мен Таврия ауылдарында қазіргі қазандықтың орнына қуаты жоғары жаңа қазандықтар салынады. Сонымен қатар Алтай ауданының Жаңа Бұқтырма кентінің сметалық құны 3,9 млрд. теңгені құрайтын жылумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жөніндегі 1 жобаны іске асыру жалғасады, - деді ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.  


 Автор: Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив