KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да ЖЭО дайындығы 42,6 %-ға жетті

26.07.2023, 11:22 219 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының жылу көздерінің дайындығы 42,6%-ға жетті. Жалпы ұзындығы 252,2 км болатын электр желілеріне күрделі жөндеу жасалды. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 132 км инженерлік желі жөнделіп жатыр. Қазір 60,8 км желі жөнделіп қойды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Ағымдағы жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жылу желілерін қайта құру және салу бойынша 4 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары 3 нысанда басталды: Өскемен қаласындағы Малдыбаев, Пограничная көшелері  және Глубокое ауданы Глубокое кентінде. Өскемен қаласының Шлюзная көшесі бойынша жылу желілерін салу жобасы бойынша конкурстық рәсімдер аяқталды», - деп мәлімдеді облыстық құрылыс, энергетика және ТКШ басқармасы.

Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Катонқарағай ауылындағы қазандық пен жылу желілерін қайта жаңарту бойынша 1,7 млрд теңгеге 3 жобаны іске асыру жоспарланған. Әкімдік мердігерлермен шарт жасалып, қаржыландыру жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

Ал Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстары қызып жатыр. 24 шілдедегі жағдай бойынша қайта құру барлық 6 қазандық агрегаттарында, отын беру трактісінде, турбиналық цехта, сондай-ақ ЖЭО ғимаратының өзінде және жылумен жабдықтау желілерінде жүзеге асырылуда. Күн сайын мердігерлік ұйымдардың 200 қызметкері, сондай-ақ «Риддер ЖЭО» АҚ персоналы қатарынан 67 адам станция мен жылу желілерінде жұмыс істеп жатыр.

Жалпы, күзгі-қысқы кезеңге 3 097 мың тонна көмір қажет. Соның ішінде халыққа 447,5 мың тонна, бюджеттік ұйымдарға 40,9 мың тонна қажет.

«Халыққа көмірді алдын ала сатып алуға кеңес береміз. Аудан әкімдіктерінің ақпараты бойынша, халық үшін 134,5 мың тонна көмір дайындалды. Облыстық басқармалардың деректеріне сәйкес, бюджеттік ұйымдарға 26,2 мың тонна көмір жеткізілді. Сондай-ақ облыстың тұйықтарында 6,2 мың тонна көмір бар, оның ішінде Өскемен қаласында – 3,4 мың тонна, Риддер қаласында – 25 тонна, Алтай ауданында – 1,5 мың тонна, Глубокое ауданында – 450 тонна, Шемонаиха ауданында – 800 тонна. Бекітілген жоспарға сәйкес тамыз айында тағы 82,5 мың тонна көмір, қыркүйекте – 83 мың тонна, қазанда – 61,6 мың тонна көмір жеткізіледі», - делінген ақпаратта.

Қазір «Шығысэнерготрейд» алдында тұтынылған энергия үшін берешек 209,7 млн теңге. Борышкерлер арасында мынадай кәсіпорындар бар: "Жылу энергиясы" МКК, "Тепловодоцентраль" КМК, "АлтайКомХозСервис", "Шемонаиха су арнасы" ЖШС.

Жалпы, тұтынушылардың коммуналдық кәсіпорындар алдындағы дебиторлық берешегі – 701,2 млн теңге. Жеке тұлғалар – 362,8 млн теңге, заңды тұлғалар 338,4 млн теңге қарыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив