KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 4 м/с, З
489.36 533.45 4.99

Самардағы бастауыш мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

16.11.2023, 18:48 218

Іргесі қаланғанына жетпіс жылға жуық уақыт болған Шығыс Қазақстан облысындағы Самар бастауыш мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілетін болды.
Бұл мектеп биыл күзден бері апатты жағдайда деп танылып, жұмысын тоқтатқан. Самар ауданына барған сапарында білім мекемесінің жағдайымен танысқан аймақ басшысы ғимаратты қайта жөндеуге қаржы бөлуді тапсыратынын жеткізді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Мектептің жағдайымен таныстым, ғимаратты қайта жөндеуден өткізу үшін қаржы бөлуге тапсырма беремін, - деді аймақ басшысы Ермек Көшербаев.

1957  жылдан бері жөндеу көрмеген білім ошағының 2013 жылы шатыры ғана ауысқан. Одан басқа жөндеу жүргізілмеген. 

- Бұл мектеп қазір апатты деп танылып, сабақ тоқтатылды. Оқушылар ауыл ішіндегі №1 мектепке көшірілді. Қазір екі ауысымда оқып жатыр. Ал мына мектеп санитарлық талапқа да сай келмейді. Төбесі майысып, қабырғалары жарылған. Ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу керек. Жаңа мектеп салып берсе тіпті жақсы болар еді, - дейді Самар бастауыш мектебінің директоры Айжан Нуриева.

ШҚО әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау, білім басқармалары басшыларына аталған мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін барлық қажетті құжаттарды әзірлеуге тапсырма берді.

– Жұмысты сапалы және тарихи ғимараттың архитектуралық ерекшеліктерін сақтай отырып орындау керек, – деп ескертті Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив