Биыл ШҚО-да 11 мектеп жөнделеді
Шығыс Қазақстанда мектеп инфрақұрылымын жақсарту шаралары жүргізілуде.
Білім басқармасының мәліметінше, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді.
Сонымен қатар, былтыр Семей және Риддер қалаларында, Ұлан ауданында орын тапшылығы мәселесін шешу үшін төрт мектеп салынған. Биыл 10 мектеп пайдалануға берілмек, оның ішінде 6 ғимаратты көшірмек.
- Бұдан басқа өткен жылы 1,1 млрд теңгеге жеті білім мекемесіне күрделі жөндеу, сондай-ақ 165 мектепте 1,2 млрд теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектеп кітапханалары, асханалар, жиһаздар да жаңартылды. Бұл мақсаттарға барлығы 5 млрд теңге бөлінді. Мектептердің компьютерлік паркі 33 мың бірлікке жаңартылды, бұл 1 компьютерге шаққандағы оқушы санының 6-дан 3-ке дейін төмендеуіне әкелді, - деп хабарлайды ШҚО Білім басқармасы.
Сондай-ақ, биыл Шығыс Қазақстанда 11 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.