ШҚО дәрігерлерінің жалақысы республикалық деңгейден жоғары
Шығыс Қазақстан облысына іссапармен келген денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник аймақ тұрғындарымен кездесті.
Жиында өңірдің денсаулық сақтау саласында медициналық көмек көрсетуді жетілдіру, дәрі-дәрмекпен қамту, онкологиялық аурулардың алдын алу, ана мен баланы қорғау, мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Биыл республикалық бюджеттен облыста медициналық қызметтерді қаржыландыруға 85 млрд 785 млн теңге, медициналық техникамен қамтуға 2 млрд 719 млн теңге, дәрі-дәрмекпен қамтуға 15 млрд теңге, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау нысандарын салу мен күрделі жөндеуге 2 млрд 992 млн теңге, жалпы аталған салаға 106 млрд теңге бөлінді.
Жиын соңында вице-министр халықтың жеке сұрақтарына жауап берді.
ШҚО-ның денсаулық сақтау саласын материалдық-техникалық жабдықтауға 2023-2025 жылдары 10,3 млрд теңге көзделген. Ауылды елді мекендерде республика бойынша 655 алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем нысаны салынса, соның ішінде 36 нысан ШҚО-да пайдалануға беріледі.
Автор: Айжанат Бақытқызы