KZ
Өскемен
-9°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да жүрек-қан тамыры аурулары бойынша өлім-жітім азайды

27.11.2023, 18:28 161 Айна Ескенқызы

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары адамның денсаулығына, өміріне үлкен қауіп төндіреді.

 

ШҚО-да қазір диспансерлік есепте 200 мыңға жуық адам тұр. Оның ішінде 150 мыңға жуық адам гипертониямен, бес мыңға жуық адам стенокардия және жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғатын жүректің ишемиялық ауруымен ауырады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыстың бас кардиологы Наталья Полторанинаның айтуынша, өңірде жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бойынша өлім-жітім көрсеткіші төмендеген екен. Бұған медицина саласында қабылданып жатқан бірқатар шаралардың арқасында қол жеткізіліп отыр.

 

- Ағымдағы жылы біздің қызметіміз оң нәтижелерге қол жеткізді. Жоспарлы тексерулер мен зерттеулерді уақтылы жүргізу, науқастардың дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуін бақылау, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кабинеттерінің жұмысының нәтижесінде қан айналымы жүйесі аурулары бар пациенттердің анықталуы артты, жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары бойынша өлім-жітім төмендеді. Бүгінде біз пациенттерге МӘМС жүйесі бойынша тексерулердің кең спектрін ұсына аламыз, - дейді Наталья Полторанина.

 

Сондай-ақ ол жүрек ауруымен ауыратын облыс тұрғындары МӘМС аясында қандай көмек алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

- Сақтандыру қорының көмегімен пациенттер учаскелік дәрігерден білікті кеңес алуға ғана емес, сонымен қатар бейінді мамандардың қабылдауына кіруге, холтер-мониторинг, эхо-кардиография, эхо-кардиография, коронарография, стенттеу сияқты кеңейтілген тексеру кешенін алуға құқылы. МӘМС шеңберінде облыста қолқа клапанын ауыстыру, қайта синхрондау құрылғыларын, кардиовертер-дефибрилляторларды имплантациялау бойынша аз инвазивті операциялар қол жетімді. Диспансерлік есепте тұрған пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қордың есебінен қаржыландырылады, - деп түсіндірді облыстың бас кардиологы.

Наталья Андреевна жүрек ауруларының алдын алу бойынша шараларды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы екенін айтады.

 
- Гипертония - инфаркт пен инсульттің негізгі себебі. Әрбір сырқат бізге түрлі белгі беретінін есте ұстаған жөн. Өз денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліп, уақытында дәрігермен кеңесуді ұмытпаңыз,— деп түйіндеді ол.


Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу