KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Катонқарағай ауданының "Арай" - "Луч" газеті 90 жылдығын тойлады

1.12.2023, 21:30 220 Қызырбек Дүргінбайұлы

Биыл Катонқарағай ауданының бас басылымы - «Арай» - «Луч» газетінің шыққанына 90 жыл толды.

 

Басылымның мерейтойына орай мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Газет тарихына үңілер болсақ, басылым 1933 жылғы тамыз айында «Большевик Алтая» деген атаумен тұңғыш рет жарық көріп, кейіннен, қырқыншы жылдары «Сталинский путь», «Екпінді Алтай», Катонқарағай мен Үлкен Нарын (Большенарым) бірігіп бір аудан болып тұрған уақытта «Еңбек туы» – «Знамя труда» деген атпен шыққан. 1970 жылдың 4 желтоқсанында Катонқарағай ауданы құрылған соң, 1971 жылдың 1 шілдесінен «Арай» – «Луч» деген атаумен осы ауданда шыға бастады.

 

– Бүгінде аудандық «Арай» - «Луч» газетінің шығармашылық ұжымы өзінің оқырмандарына өңірімізде болып жатқан маңызды оқиғаларды дер кезінде жеткізіп, мемлекеттік саясаттың жүзеге асуына және мемлекеттік тілдің мәртебесінің көтерілуіне зор үлесін қосып келеді. Заман талабынан шыға білген газет ұжымы ақпарат айдынында өздерінің лайықты орнын алып отыр. 90 жыл – бұл жай ғана сандық көрсеткіш емес. Бұл жылдарда қаншама еңбек пен күш, рухани құндылықтар жатыр. Ендеше, 90 жылдық белесті еңсерген ұжымға шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз! –  деп жазды Катонқарағай ауданы әкімдігі әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Бұл аудандық газетте Оралхан Бөкей, Әлібек Асқаров, Дидахмет Әшімханұлы, Қайырды Назырбаев, Менғали Мусин, Мира Алипинова, Әділбек Құмарғажин және тағы да басқа көптеген елімізге танымал жазушылар мен журналистер өзінің шығармашылығын бастаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив