Әркім өз ауылындағы мұқтаж отбасыларға шамасы келгенше көмектесіп жатыр
Катонқарағай ауылының тумалары бүгінде елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде алыстағы ауылдастарына қолдау ретінде 300 кг қарақұмық жіберді. Онан бөлек, ауылымыздың белсенді жастары 20 мың теңге сомасында қаржылай көмектерін берді, деп жазады Арай-Луч газеті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына.
Аталған көмек түрі Катонқарағай, Жаңа Үлгі, Шыңғыстай ауылдарындағы бірнеше аз қамтылған отбасыларға таратылды.
"Туған жерден жырақта жүрсе де кіндікжұртын еш естен шығармайтын жерлестерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз бұл аз да болса үлкен көмек", дейді тұрғындар.
Айта кетерлігі, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі жоғары жандар өздерінің атамай-ақ қоюды сұраған екен.