KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Риддерде төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

8.12.2023, 09:00 213

Суды өзенге шектен тыс жіберу салдарынан Риддер қаласындағы 2 тұрғын үй мен 4 үй маңындағы аумақты су басты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, желтоқсанның 7-сінен 8-іне қараған түні "ЛК ГЭС" ЖШС-нің суды шамадан тыс жіберуі салдарынан Хариузовка өзенінің деңгейі көтеріліп, Киров көшесінде, Усть-Каменогорский және Хариузовский қысқа көшелерінде орналасқан жеке сектордағы 4 ауланы, сондай-ақ Киров көшесіндегі 2 жеке үйді су басқан.

Риддер қаласы әкімдігінің хабарлауынша, оқиға орнына ШҚО әкімі, ТЖД басшылығы мен жергілікті атқарушы орган өкілдері шұғыл жетті. Қазір төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Халықты уақытша орналастыру үшін қала әкімдігі "Риддер колледжі" КММ ғимаратында орналастыру пунктін алдын ала әзірлеп қойды. Қажет болған жағдайда эвакуациялау үшін техникалар мен адам күші де дайындалды. Бірақ халық эвакуациядан бас тартты.

Риддер қаласының әкімдігі мен ТЖД құтқарушылары аула аумақтары мен үйлерден суды сорып шығаруы үшін мотопомпаларды іске қосты. Жайылған суды өзен арнасына қарай ағызу үшін арнайы техниканың көмегімен арық жасалды.  

Қала әкімдігі келтірілген залалды бағалау үшін мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен арнайы комиссия құрды.

Төтенше жағдай салдарын жоюға  жергілікті атқарушы органның, ШҚО ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 20 адам, 7 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

"ЛК ГЭС" ЖШС су ағызу көлемін азайтты. Мониторинг жүргізілуде. Таңертеңгі сағат 7:30-дағы жағдай бойынша аула аумақтарында су қалған жоқ, тек жертөлелерде қалды.

Риддер қаласында су, жылу және  электрмен жабдықтау толық көлемде беріліп жатқанын айта кеткен абзал.

Айта кетсек, оқиға орнына облыс әкімі Ермек Көшербаев келіп, жедел штаб құрылды. Жағдай аймақ басшылығының бақылауында. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу