KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шетелдік инвесторлар шығыстағы өндірісті іске қосуға қызығушылық танытып отыр

khabar.kz

10.12.2023, 23:00 165 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысында шетелдіктердің қатысуымен үш жоба жүзеге асырылмақ.

Бұл туралы облыс әкімдігінде айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Облыста 235 миллиард теңгеге литий өндіру және өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталады. Жобаны Германиядан келген инвестор жүзеге асырмақ.  Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпорын сподумен қоспасы мен литий карбонатын өндіруді қолға алмақ ниетте. Жоба аясында 103 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.

Ал Ресейден келген компания ниобий мен цирконий өндірісін жаңғыртуға мүдделі. Қаржыландыру көлемі 75 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Түркиядан келген инвестор 1,5 миллиард теңгеге түсті металл сынықтарын өңдейтін зауыт салуға қызығушылық танытып отыр. Аталмыш жоба аясында өңірде 50 жұмыс орны ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу