Ұлан ауданының Ағзамовтар әулеті әлемді мойындатты
Стренглифтингтен 10-шы Әлем Чемпионаты Үндістанның Хайдарабад қаласында өтті. Оған 18 команда құрамында 350-ге жуық адам қатысқан.
Аталған Әлем чемпионатына Қазақстан атынан ШҚО-ның спортшылары қатысты. Ұлан ауданының Ағзамовтар әулеті командалық есепте үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Спортшылар әулеті чемпионатқа өз қаражатымен барған екен. Олар өз мықтылықтарын дәлелдеп, жарыста 10 медаль иеленіп, командалық есепте 3-орынға табан тіреді.
– Біз Қазақстан атынан қатыстық. Бәріміз өз қаражатымызбен барып қайттық. Мен екі алтын, інім Ерік екі алтын, ұлым Жүрсі екі алтын жеңіп алды. Ал Ерік інімнің ұлы Жан екі күміс, Иван бір алтын, бір қола медальға қол жеткізді. Командалық есепте біз үшінші орын болдық, – дейді спортшы Мұқан Ағзамов.
Осылайша, спортшы әулет Үнді елінде қазақтың туын көкте желбіретіп, жеңіс тұғырынан көрініп қайтты.
Оқи отырыңыз