KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 0,7 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да қысқы спорт түрлерінен әуесқойлар арасында ашық біріншілік өтті

24.02.2024, 13:11 73 ALTAINEWS

Шығыс Қазақстан облысындағы «Алтай Альпісі» тау шаңғы курортында фристайл және сноуборд федерациясының ұйымдастыруымен ски-кросс, сноуборд-сросстан әуесқойлар арасында облысаралық ашық біріншілік өтті.

Жарысқа қырықтан астам адам қатысып, бақ сынады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Апталап тұрған аяздан кейін күн райының жылынуы қатысушыларға оң әсер етері сөзсіз дейді сайысқа сақадай сай әзірленіп келген Анастасия Максимова.

- Мен ски-кросс түрінен жарысқа қатысатын боламын. Негізі әуесқойлар арасындағы мұндай жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Жақсы болады деген ойдамын. Жеңіске тек мықтылар жетсін, - деді Анастасия.

Айта кетейік, бұл ашық біріншілік ШҚО әкімінің және Глубокое ауданы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр. Жарыстың көрігін қыздырып, қатысушыларға қолдау білдіріп, дем беріп жатқан көрермендер арасында да түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен  марапатталды.  Ал ски-кросс және сноуборд-кросстан жеңімпаз атанғандар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды.

- Бүгін әуесқойлар арасында ски-кросс және сноуборд-кросстан облысаралық ашық біріншілік өтіп жатыр. Жарысқа қырықтан астам адам қатысуға ниет білдірді. Жалпы жүлде қоры - 1 миллион 200 мың теңге. Жарысқа қатысушылардың барлығына сәттілік тілеймін, - деді Глубокое ауданы әкімінің орынбасары Евгения Литвиненко.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив