KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 1 м/с, Ю
478.96 533.03 5.22

Катонқарағайда бәйге өтіп, балуандар белдеседі

Фото: Тілеубек Шаяхмет

20.03.2024, 18:00 124 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өр Алтайдың төрінде, Катонқарағай елінде күн дидарлы Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шаралар легі өтеді. Нақтырақ айтқанда, 21 наурыз күні бәйге өтіп, балуандар белдеседі.

Наурыз мейрамына орай аудан тұрғындары арасында қой көтеру, арқан тарту, гір көтеру, қол күрес сынды ұлттық ойындар да өтпек. Ал жүйріктер топ бәйге 10 шақырымда, құнан бәйге бес шақырымда, бәйге бес шақырымда бақ сынамақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Наурыз мейрамына орай орталық алаңда сағат 11.00-де кіл мықты балуандар бәсекесінде «Катонқарағай барысы» және де қазақтың ұлттық спорты аударыспақтан «Катонқарағай балуаны» белдігінің иегерлері анықталады. Сондай-ақ мерекелік шараның қонағы – талантты музыкант, қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Серік Ибрагимов және жерлес әнші Айдын Алдархан, – деп хабарлады Катонқарағай ауданының әкімшілігі.

Осылай алты Алаштың ата жұрты болған төр Алтайдың баурайындағы Катонқарағай ауданында Наурыз мейрамына орай дүбірлі той өтпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив