KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 1,4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Күршімде Жеңіс күніне орай ат спорты түрлерінен жарыс өтті

10.05.2023, 19:03 1 055 Ләззат Қанатқызы

Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 78 жылдығы атап өтілді. Айтулы күнге орай әр ауданда түрлі іс-шаралар легі ұйымдастырылды.

Мәселен, күршімдіктер Ұлы Жеңіс күніне орай "Даңқ" аллеясында жиналып, Ұлы Отан соғысында шейіт болған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері, ардагерлер мен әскерилер соғыстан қайтпай қалған боздақтарға арналған ескерткіш тақталарына гүл шоқтарын қойды.

Артынша іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Әскери қызметкерлер көрініс қойып, патриоттық әндер де шырқалған. Сондай-ақ "Сарытау" стадионында тыл ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылып, әскерилер ботқасынан дәм татты.

Ал түстен кейін Сарыөлең ауылындағы "Бәйге төбеде" ұлттық ат спорты ойындарынан жарыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, тай жарысы (5 шақырым), жорға жарыс (5 шақырым), құнан бәйге (7,5 шақырым), топ бәйге (17,5 шақырым), көкпар және жаппай көкпар. Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив