KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өз мәресіне жетті

30.03.2024, 16:30 3 325 Ләззат Қанатқызы

Тоғызқұмалақтан жастар мен жасөспірімдер арасында жекелей Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті.

Он күнге созылған тартысты дода бұл жолы Шығыстың бас шаhарында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалпы сайысқа 16 облыс пен 3 қаладан 360-тан астам тоғызқұмалақшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Оның ішінде халықаралық дәрежедегі және ҚР спорт шеберлері де бар.

- Төл ойынымыз – тоғызқұмалақтан жарыс өте жоғары дәрежеде және тартысты өтті. Абай облысы бөлініп шыққаннан кейін ШҚО-да осы спорт түрінің қарқыны төмендеп қалды. Сондықтан ұлттық спортты дәріптеп, дамыту мақсатында ел чемпионатын Өскеменде өткіздік, - дейді тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімов.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған кіл мықтылар арасында жалпы медаль саны бойынша Павлодар облысы үздіктер қатарының алдынан көрінді. Қостанай облысы екінші орынға жайғасса, ақтөбелік споршылар үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұл чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар қыркүйек айынды Румыня елінде өтетін әлем кубогінде ел намысын қорғайды.

- Мен 5 жасымнан бастап тоғызқұмалақ ойнаймын. Бір қызығы, бұл спорт түрінен ешқандай үйірмеге қаспағанмын. Жаттықтырушым - өзімнің әкем. Бүгінгі жеткен жетістіктерімнің барлығы әкемнің арқасы деп білемін. Ұлттық спорттың дамуына азда болса үлесімді қосып жатқаныма қуаныштымын. Енді тыңғылықты дайындалып, алдағы үлкен жарыста еліміздің атын шығарғым келеді, - дейді тоғызқұмалақтан ҚР чемпионы, Абай облысының спортшысы Аяна Исахан.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу