KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Өскеменде 3-ші Халықаралық қайырымдылық фестивалі өтіп жатыр

instagram/budem_zhit_2024

7.04.2024, 10:00 113 Назерке Каримова

5 сәуір күні басталған қайырымдылық фестивалінің қорытынды гала концерті «Ертіс концерт» залында өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

«Біз өмір сүреміз» фестивалінің алғашқы күні Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында өтті. Келушілерге кітапхана мүмкіншіліктері таныстырылды.

Фестивальдың екінші күні «Ертіс концерт» залында болды. Арнайы Астана қаласынан «LIM-PO-PO» шоу-театры келіп, өз өнерлерін паш етті. «Алладдин мен Алдар Көсенің сиқырлы оқиғалары» атты қойылым балалар назарын бірден өздеріне аударып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Ал бүгін фестивальдің қорытынды күні. Бұл күні «Ертіс концерт» залында сағат 10.00-де қолөнер көрмесі, 10.30-да «Сыр сандық» отбасылық этно-фольклорлық мерекесі, 12.30-да фестивальдің гала концерті өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив