ШҚО-да екі тас жол жабылды
Қар көшкіні қаупіне байланысты ШҚО-да екі тас жол жабылды.
ШҚО-дағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ ақпараты бойынша, бүгін сағат 20.00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнарлары» автожолының 6-166 шақырымындағы «Ушанов ауылы – Алтай қаласы» учаскесі көліктердің барлық түрлері үшін жабылды.
Сондай-ақ «ОблШығысЖол» ЖШС мәліметі бойынша, сағат 20.00-ден бастап облыстық маңыс зы бар «Өскемен-Тарғын-Самар» тас жолының 88-145 шақырымындағы «Жоғары Тайынты-Самар ауылы» учаскесі 7 наурыз сағат 06.00-ге дейін жабылды.