Бүгін елдің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз
pexels.com
«Қазгидромет» РМК21 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.
- Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек күндіз Қазақстанның оңтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде аздаған жаңбыр болады, сондай-ақ республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай болады. Қазақстан бойынша жел күшейюі күтіледі, - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.
Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Оқи отырыңыз