Жаңбыр, найзағай, бұршақ... 12 тамызда күн райы құбылмалы болады
Фото: panoramapro
Қазгидромет 12 тамызда елімізде күн райы қалай болатынын болжады. Қарқынды оңтүстік циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағайлы жаңбыр, еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл күтіледі.
ҚР батыс жартысына антициклон жотасы өз әсерін тигізіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С өте қатты ыстық сақталады. Күндіз Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35-40°С қатты ыстық сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Абай облысының солтүстігінде, батысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.