KZ
Өскемен
+15°
пасмурно Штиль
481.63 534.46 5.28

Жел, жаңбыр, найзағай: 29 тамызға арналған ауа райы

29.08.2021, 12:50 159

«Қазгидромет» синоптиктері 29 тамыз, жексенбі күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады. 

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Соның әсерінен қатты жаңбыр жауады. Республика аумағында найзағай ойнайды. 

Күндіз еліміздің солтүстігінде шаңды дауыл соғып, күн күркірейді, жел күшейеді. 
Елдің оңтүстігінде де шаңды дауыл тұрады, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Еліміздің шығысында, батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын жаумайды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив