Биыл ШҚО-да 420 жазғы лагерь жұмыс істейтін болады
фото: depositphotos.com
ШҚО-да биыл 93482 оқушы жазғы демалыспен және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Чернышева мәлімдеді.
ШҚО-да 1-10 сыныптар аралығындағы 93482 (99,9%) оқушыны жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан барлық 4850 бала бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл облыста 420 жазғы лагерь жұмыс істейтін болады, оның 15-і – қала сыртындағы лагерь (11 мемлекеттік, 4 жеке), 270-і – мектеп жанындағы лагерь, 135-і – бейіндік алаң.
Жас натуралистер стансаларында далалық экологиялық мектептер қызмет етеді, оларда 750 жас зерттеуші ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мониторингке қатысады.
Сонымен қатар коворкинг орталықтары, 27 аулалық клуб, 3500 оқушыға арналған үйірмелер жұмыс істейді.