ШҚО-да биыл 400-ден астам лагерь жұмыс істейді
![](/kz/uploads/posts/2023-05/36opxdyuhvsolpvohxkooivrgnxr1bhtz5bts4wm_jpg_width1200xheightautoxtype1.webp)
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Ағымдағы жылы өңірде 418 жазғы лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 195-і – мектеп жанындағы лагерь.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Бұлбұл Қозыбаева мен ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Балаларды жазғы сауықтыру лагерьлеріне қабылдау 24 сәуірде басталған.
Айта кету керек, биыл өңірде қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьлермен қатар тілдік, спорттық, туристік, өлкетану және бизнес-лагерьлер жұмыс істейтін болады.