KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алтай ауданында Симуляциялық орталық ашылды

20.05.2024, 12:33 164 Ержан Әбіш

Алтай ауданында жедел жәрдем дәрігерлерін оқытатын Симуляциялық орталық ашылды. Бұған дейін дәрігерлерге маңызды реанимациялық манипуляциялар үйрететін мұндай орталық облыста тек Өскеменде болған.

Симуляциялық орталықтың мақсаты – жедел жәрдем фельдшерлерінің дағдыларын муляждар мен манекендерді пайдаланып дамыту. Енді сабақтар Алтай ауданаралық ауруханасының жедел медициналық жәрдем стансасында да өтуде. Аудандағы жедел медициналық жәрдем бригадаларының біліктілігін арттыру көп күттірмей нәтижесін көрсетті. Екі фельдшер адамды клиникалық өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– 103 пультінің диспетчеріне Соловьево ауылының тұрғынынан «жұбайымның жүрегі ауырып тұр» деген шағым түседі. Фельдшерлер Наталья Самойлова мен Алена Жесткая шақыруға дереу аттанды. Жедел жәрдем келгенше диспетчер науқасқа көмектесетін іс-әрекеттерді түсіндіріп, нұсқау беріп отырды. Бригада жеткенде ер адам екі минут бойы ес-түссіз болған. Тынысы және тамыр соғысы болмады. Бригада жүрек массажын, өкпені жасанды желдетуді, дефибрилляцияны пайдаланып, реанимациялық іс-шаралар жүргізді, – деді ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясында.

Тек он минуттан соң науқас өзі тыныс алып, есін жиды. Одан әрі ер адамды жедел жәрдем бригадасы Алтай ауданаралық ауруханасына жеткізді. Науқас тексерістен өтіп, жүрегіне стент орнатылды. Қазір ол терапия бөлімінде, жағдайы тұрақты.

Науқастың өмірін сақтап қалған фельдшерлер жаңа Симуляциялық орталықта оқыған. Дәл осындай кешен енді Самар ауданында да ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу