Жедел жәрдем қызметкерлері бейнебақылау камерасын алып жүреді

Алдағы уақытта еліміздегі жедел жәрдем қызметкерлері өзімен бірге бейбнебақылау камераларын алып жүретін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жедел жәрдем қызметкерлері шақырту кезінде кеуделеріне шағын бейнебақылау камераларын іліп жүреді.
- Жедел жәрдем шақырту – әр науқасқа және туыстарына қандай күйзеліс әкелсе, жедел жәрдем қызметкерлері үшін де дәл солай. Осыған қатысты өте көп шағым түседі. Сондықтан барлығы видеоға түсіріліп, сақталу керек, - дейді министр.