KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 2 м/с, В
467.29 501.03 5.35

ШҚО дәрігерлері эндоскопияның жаңа әдістерін меңгерді

Фото: МӘМС қорының ШҚ филиалы

27.05.2024, 16:07 114 Ержан Әбіш

ШҚО мамандандырылған медициналық орталығында «ENDO Oskemen 2024» атты эндоскопия бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға облыстың эндоскопистері, хирургтары, гастроэнтерологтары және резидент-дәрігерлері қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Алматы қаласынан арнайы шақырылған Privat клиникасы эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Нұркен Әбдиевтің жетекшілігімен өңешке жеті ота жасалды. Медициналық орталықтың конференц-залында оталардың трансляциясы көрсетілді, дәрістер оқылды. Атап өтерлігі, МӘМС аясында бұл операциялар тегін жасалды.

– Эндоскопиялық хирургияның мүмкіндіктері артып келеді. Заманауи медицинада түрлі емдеу әдістері бар. Мысалы, хирургияда отадан кейінгі оңалу ұзаққа созылмас үшін бір пункция арқылы ішкі ағзаларға операция жасауға көмектесетін жаңа технологиялар жиі қолданылады. Бұл технологиялар жақын арада біздің өңірде де қолжетімді болады, – деді ШҚО ДСБ бас хирургі Марат Башабаев. 

Іс-шараны «Эндо Старс», «Pentax Medical», «ФармГранд» және «Bowa Medical» мекемелері ұйымдастырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив