Кезекті күрделі ота сәтті жасалды - ШҚО

Облыстық онкологиялық орталықтың дәрігерлері 53 жастағы науқастың өңеш қатерлі ісігіне күрделі операция жасады.
ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының мамандары өз тәжірибелерінде қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін табысты меңгеруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ақ халаттылар жақында өскемендік тұрғында кезекті күрдерлі оталардың бірі - өңеш онкологиясын емдеу әдісі-Герлок операциясын жасаған.
Айта кетейік, өткен жылы ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығы онкохирургия бөлімшесінің дәрігерлері екі мыңға жуық жоғары технологиялық ота жасады.