Шемонаиха қаласында жер үй өртенді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шемонаиха қаласында жеке үйдің шатыры мен веранданың ағаш конструкциялары өртеніп кетті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 48 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
– Алдын ала себеп – электр жабдығын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, – деп хабарлады Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өртке себепкер болуы мүмкін ақауларды дер кезінде жою қажеттігін ескертеді.
Оқи отырыңыз