KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, В
472.57 508.34 5.4

Қасақана өрт қойылған болуы мүмкін: Риддерде жеке үйден өрт шықты

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

14.11.2023, 11:12 153 Ләззат Қанатқызы

Риддер қаласындағы Татарская көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Алдын ала болжамы бойынша от жағу кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауы мен қасақана өрт қою нұсқалары қарастырылып отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде жалын ағаш шатыр құрылымдарын шарпып үлгеріпті. Тілсіз жауды ауыздықтауға 3 бірлік техника мен жеке құрамның 10 адамы тартылды. Өрт 40 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілген.

- Шемонаиха ауданының Сугатовка ауылындағы Молодежная көшесінде де жеке тұрғын үйден өртт шықты. Ағаш шатыр құрылымдары мен кіреберісі өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер үйден 27 литрлік 2 газ баллонын алып шықты. Тез арада әрекет етудің арқасында 88 шаршы метр алаңдағы қызыл жалын ауыздықталды Алдын ала болжам бойынша өрт жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау салдарынан шыққан, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады

- электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
- от жаққанда абай болыңыз;
- пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау керек;
- пеш жағу кезінде күлді, көмірді жанатын құрылыстардан 15 метр қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген жерге тастау керек;

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив