KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Пешті дұрыс пайдаланбау салдарынан өрт шықты

ШҚО ТЖД

24.03.2024, 17:00 133 Назерке Каримова

Бүгін таңға жуық Шемонаиха ауылында монша мен шаруашылық нысаны өртенді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, 24 наурызда түнгі сағат үштер шамасында Шемонаиха ауылындағы Шаңырақ көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында монша мен шаруашылық ғимараты өртенді. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 80 ш.м. ауданды шарпыған өртті сөндірді. Өртті сөндіруге барлығы 7 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - пешті орнату мен пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив