KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Зайсандағы жалғыз ардагер мерейлі 101 жасқа толды

instagram/zaisan_audany_akimdigi
instagram/zaisan_audany_akimdigi
1.09.2024, 21:00 142 Назерке Каримова

Зайсан ауданында қос ғасырдың куәгері болған, жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Зәкен Құрманқожанов тұрады.

Бүгін даңқты ардагер Зәкен Құрманқожанов 101 жасқа толды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соғыста Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясында болып, 8 өлімнен аман қалған, ал бір оқ әлі қабырғасында тұр. Танкінің ішінде жарылып кете жаздаған, «өлді» деп тірідей көміп тастамақшы да болған екен. Ленинград түбіндегі немістердің «SS» деген әскерлерімен шайқасқан кездерін қорқынышпен еске алады.

Ақсақал 1923 жылы Зайсан ауданының Сарыжыра ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері, өмірдің талай сынағынан өткен, бүгінгі күні 101 жасқа толып отыр. Қос ғасырдың куәгері болған Зәкен ата – 28 немере, 60 шөбере мен шөпшектің ардақты атасы. Бүгінде ол үлкен әулетінің ортасында, бақытты ғұмыр кешуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу