KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Зайсан ауданында бүгінгі күні жалғыз ҰОС ардагері тұрады

Зайсан ауданы әкімдігінен

9.05.2024, 19:00 73 Назерке Каримова

Бір ғасырды көрген Зәкен Құрманқожановты аудан әкімдігі мерекесімен құттықтады.

Зәкен Құрманқожанов 1923 жылы Зайсан ауданы, Сарыжыра ауылында дүниеге келген, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі.

Соғыста Алматыда құрылған 316-атқыштар дивизиясында болып, 8 өлімнен аман қалған, ал бір оқ әлі қабырғасында тұр. Танкінің ішінде жарылып кете жаздаған, «өлді» деп тірідей көміп тастамақшы да болған екен. Ленинград түбіндегі немістердің «SS» деген әскерлерімен шайқасқан кездерін қорқынышпен еске алады.

- Ұлы Жеңістің 79 жылдық мерекесіне орай, аудан әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы ауданымыздағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Шығыс Қазақстан және Зайсан ауданының Құрметті азаматы, Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері Айнабұлақ ауылында тұратын Зәкен Құрманжанов ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, ардагерді мерекемен құттықтады, - деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив