KZ
Өскемен
-10°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады

9.05.2024, 17:00 156 Назерке Каримова

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 148 ардагері тұрады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 148 ардагері тұрады, оның ішінде 108 қатысушысы және ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар 40 адам, сондай-ақ, республикада ҰОС жеңісіне үлес қосқан 50 012 басқа азамат бар.

– Олардың ішінде: Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 70 адам; концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 149 адам; ҰОС кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, зақымдануы немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар қайтыс болған адамның жұбайлары – 2 314 адам; ҰОС-да қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам; тыл еңбеккерлері – 47 477 адам, – делінген министрлік ақпаратында.


ҰОС кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар құрылды. Әскери қызметі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі рет батыр атанды, 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін өз өмірін қиды – олар шайқаста қаза тауып, жаралар мен аурулардан қайтыс болып, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу