KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

АЭС салудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

15.09.2024, 10:00 227 Назерке Каримова

Соңғы уақытта елімізде атом электр станциясын салу туралы екі түрлі көзқарас, екі түрлі пікір қызу талқылануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл мәселе - экология, экономика және халықтың қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды екенін айтады С. Аманжолов атындағы ШҚУ сеньор-лекторы, математика магистрі Азамат Төкежанов.

– Атом электр станциялары (АЭС) – бұл энергетикалық айналымда маңызды рөл атқаратын, энергияны атом ядроларының бөлінуі процесі арқылы өндіретін объектілер. АЭС салу мәселесі қазіргі замандағы энергия қажеттілігі мен экологиялық тұрақтылық арасында күрделі баланс қамтамасыз етуді талап етеді, – дейді Азамат Төкежанов. – Жобаны талқылау барысында көптеген оң және теріс дауыстар айтылды. Атом электр станциясын құрудың жақтаушылары да, қарсыластары да өз дәлелдеріне ие. Әр саланың өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері болады.


С. Аманжолов атындағы ШҚУ сеньор-лекторы АЭС салу мәселесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктерді жіктеді.

Артықшылықтары:

-         болашақта электр энергиясының тапшылығын жабу мүмкіндігі;

-         атом генерациясындағы шикізат құнының төмен үлесі;

-         Қазақстан уранның орасан зор қорына ие – ел осы көрсеткіш бойынша әлемде екінші, ал өндіру көлемі бойынша бірінші орында;

-         елде атом электр станциясының болуы оның әлемдік аренадағы беделін автоматты түрде арттырады, дамыған елдердің қатарына жатады.

Кемшіліктері:

- АЭС салуда қаржылық шығындар. Алайда уақыт өте келе бұл шығындардың барлығы өтелуі мүмкін деп болжануда;

- апаттық қауіп тудыруы;

- ядролық қалдықтар мәселесі.

– АЭС салу мәселесі энергетикалық қажеттілік пен экологиялық қауіпсіздікті теңестіруді талап етеді. Жаңа технологияларды, халықаралық тәжірибені және экологиялық факторларды ескере отырып, атом электр станцияларының әлеуеті мен қауіптерін саралап, тиімді шешімдер қабылдау қажет. Президенттің АЭС салу туралы жоспары еліміздің болашағы үшін жаңа мүмкіндіктер аша отырып, сонымен қатар қауіпті және жауапты шаралармен теңдестірілуі керек. Энергетикалық транзитті жүзеге асыру кезінде халықтың пікірін ескеру мен технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де аса маңызды. Сондықтан Қазақстанда АЭС салу бойынша түпкілікті шешімді халық қабылдайды, – дейді Азамат Төкежанов.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында бұл мәселені референдумға шығаруды ұсынды.

– Электр энергиясын өндірудің баламалы әдістерін зерттеу, жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау – болашақта тұрақты энергетикалық жүйе құруда маңызды қадамдар болуы мүмкін. Елімізде жаппай халық болып шешілетін мәселеге бейжай қарамай, 6 қазан күні болатын референдумға өз таңдауымызды жасауға шақырамын, – деді С. Аманжолов атындағы ШҚУ сеньор-лекторы, математика магистрі Азамат Төкежанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив