KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Бастауыш партия ұйым өкілдері АЭС-тің маңыздылығын талқылады - Өскемен

9.09.2024, 19:00 339

Өскемен қаласында «AMANAT» партиясының №1 бастауыш партия ұйымының өкілдері АЭС–тің маңыздылығын талқылады.

Жиынға қатысқан сала мамандары атом электр станциясының еліміз үшін маңыздылығына тоқталып азаматтарға жан-жақты мәлімет берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Жыл көлемінде еліміздің жер-жерінде АЭС-ті салуға қатысты түрлі қоғамдық тыңдаулар өткізіліп жұртшылықпен кең көлемде талқылау жұмыстары жүргізілді. Атом электр станциясын салудан қорқудың қажеті жоқ. Бұл дамыған мемлекеттерде бар тәжірибе. Еш жерде жоқ жаңалық емес. АЭС-на көшу дамудың жаңа сатысына көтерілу. Ең бастысы құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізіліп, талапқа сай іске қосылса одан қауіптенуге негіз жоқ деуге болады. Атом электр станциясының экологиялық жағдайдың жақсаруына да тигізер әсері орасан зор,- дейді Энергетика саласының ардагері, ТМД елдерінің еңбек сіңірген энергетигі, Казақстанның еңбек сіңірген энергетигі Виктор  Недовесов.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында болашақта электр энергиясының тапшылығына ұрынбау үшін елімізге АЭС салудың маңыздылығын айтқан болатын.  Десе де, соңғы шешімді жалпыұлттық референдум арқылы халықпен бірлесе қабылдау  дұрыс екенін атап өтті.

- Өздеріңізге белгілі, біз болашақтағы электр энергиясының тапшылығын айтпағанда, еліміздің көптеген қалаларында экологиялық жағдайдың күрделеніп бара жатқандығы ешкімге жасырын емес. Сондықтанда біз АЭС салу арқылы тек электр энергиясына деген тапшылықты ғана емес, экологияның жақсаруына да қол жеткізетін боламыз. Сізбен біз соны жақсы түсінуіміз қажет,- деді эксперт Елена Березинская-Абилова.

Сала мамандары кездесуге қатысушыларға атом энергетикасын дамыту Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін маңызды қадам болып табылатындығын түсіндірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив