KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

Президент Қазақстанда АЭС салу туралы айтты

Иллюстрация: pixabay.com

8.11.2023, 14:10 252 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр станциясын салу мәселесі туралы айтты.

Мемлекет басшысы «Известия» газетіне берген сұхбатында АЭС құрылысына қатысты пікірлердің әртүрлі екенін атап өтті.

«Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ, ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады. Екінші жағынан, көп азамат мен сарапшы атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіреді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болады. Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізде болса, ел Президенті 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасында аса маңызды стратегиялық проблемаларға қатысты шешім референдум арқылы қабылданатынын мәлімдеген еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу