KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Шығыс Қазақстан облысы жылыту маусымына дайын

Фото: Аяужан Утеулинова

2.10.2024, 17:00 158 Айна Ескенқызы

Биыл Шығыс Қазақстан облысында жылыту маусымы 26-қыркүйектен басталып кетті. Бүгінгі таңда барлық бюджеттік ұйымдар жылумен жабдықтауға қосылған. Ал көппәтерлі тұрғын үйлердің 99% жылыту маусымына дайын. Үйлерді жылумен жабдықтауға кезең-кезеңімен қосу жұмыстары жүргізілуде. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шығыс Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының тоғыз айдағы жұмыс қорытындысы туралы басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов айтып берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Облыстағы жылу қазандықтары мен жылу жүйелері жылыту маусымына негізінен дайын. Биыл жылыту маусымының дайындығына облыстық бюджеттен 2 миллиард 100 миллион теңге қарастырылды. Қазір  Үлкен Нарын, Глубокое аудандарында, Алтай, Серебрянка елді мекендерінде қосалқы қазандықтар бойынша жұмыстарды аяқтау қалды, бұл  жылыту маусымының жұмысына еш кедергі келтірмейтін жұмыстар, - деп атап өтті облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.

Басқарма басшысы жөндеу жұмыстарының көлемі былтырғымен салыстырғанда екі есе көп болғанын айтты.

Облыс орталығында 12,9 км жылу жүйелері қайта құрылды және күрделі жөндеуден өтті. Облыста жөнделеді деп жоспарланған 68,5 км жылу желілерінің 67,9 км (99%) жөнделді. 603 км электр беру желілеріне, 41 қосалқы станцияға жөндеу жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы Риддер ЖЭО-да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ерекше назар аударылды. Үкіметтің қолдауымен жылу желілерінің 55 учаскесін жөндеу және қаланың 19 км желісін ауыстыру аяқталды. Қыркүйек айында ыстық су қайта беріле бастады,  жылыту маусымында  екі қазандық іске қосылды. Тағы екі қазандықтың жөндеу жұмыстарын 15 қарашаға дейін толық аяқтау жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив