Алтай ауданында жылыту маусымы ерте басталды
Алтай ауданында жылыту маусымы облыстағы басқа елді мекендеріне қарағанда жыл сайын ерте басталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жылумен жабдықтауды қосудың негізі себебі - бес күн ішінде 8 градустан төмен түсіп кететін сыртқы ауа температурасы.
Биыл Алтай ауданының орталығындағы жылыту маусымы 28 қыркүйекте басталады деп жоспарланған.
Қаланың әлеуметтік нысандары, ауруханалар мен мектептер бірінші болып жылуға қосылады. Тұрғын үйлерге одан кейін біртіндеп беріле бастайды.
Жылыту маусымына дайындық мұнда шілде айында басталған. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов аудандық қазандықты, жылумен жабдықтау құбырларымен ондағы қысым және кәріз құдықтарының жағдайын жеке өзі қадағалаған болатын.
Аудан орталығынан кейін Серебрянск пен Жаңа Бұқтырмаға жылу беріле бастайды.