KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
486.44 534.31 5.06

ШҚО дәрігерлері жүрекке құрылғыларды имплантациялау бойынша ота жасайды

Бүгін, 16:30 41 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер жүрекке құрылғыларды имплантациялау оталарын ӘМСҚ (әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) аясында жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Электронды құрылғыларды имплантациялау арқылы емдеуді қажет ететін аурулардың спектрі кеңейіп келеді. Кардиология саласында мұндай құрылғыларға электрокардиостимуляторлар, дефибрилляторлар және жүрек ресинхронизаторлары жатады.

- Заманауи медицинаның жетістіктері жүрек-қан тамырлары ауруларымен, соның ішінде өмірге қауіп төндіретін аритмиямен ауыратын науқастарға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтті. Мұнда кардиостимуляторларды, дефибриллятор-кардиовертерлерді және жүрек ресинхронизаторларын имплантациялаудың маңызы зор. Жақында біз облыстың үш тұрғынына осындай құрылғыларды имплантацияладық, - деді ШҚО Инновациялық медицина орталығының ординатор дәрігері Ғұмар Қаденов.

ШҚО арнайы медициналық орталығында хирургия, нейрохирургия, кардиология, қан тамырлары хирургиясы бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін 130-дан астам ота жасалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив