KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ӨСКЕМЕН ТӨРІНДЕ РИДДЕРДІҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ ӨТУДЕ

18.10.2024, 20:15 440 Төлеуғазы Жансая

Ағымдағы жылдың 18-19 қазан күндері Өскемен қаласында «Туған жер-алтын бесігім» жобасы шеңберінде Риддер қаласының мәдени күндері өтіп жатыр,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Шара Риддер қалалық музейінің сәндік-қолданбалы өнері мен экспонаттарының көрмесімен басталды. 
Көрмеге риддерлік қолөнер шеберлерінің қолдан жасалған тоқыма бұйымдары, сырмақ, текеметтер, ежелгі қару-жарақтар, ағаштан ойып жасалған аң-құстардың мүсіндері, 17-18 ғасырларда грек тілінен көне орыс тіліне аударылған көне кітаптар, риддерлік ақын-жазушылардың туындылары, сондай-ақ бал өнімдері, шөптен жасалған шай, тұздалған көкөніс түрлері және т.б. қойылды. 

Көрмеге келген өскемендіктер Риддер қалалық музейінің сәндік-қолданбалы өнері мен экспонаттарының көрмесін тамашалай жүріп, Риддер қаласының өткен-кеткен тарихымен танысып, қала жайлы мол мағлұмат алды. 
Көрменің соңы бір жарым сағатқа созылған риддерлік өнерпаздардың гала-концертіне ұласты.  

Концертте Қазақстанға танымал «Ұлытау» тобы да өнер көрсетіп, тыңдаушылардың қошеметіне бөленді. Риддерліктердің гала-концертіне облыс әкімі Ермек Көшербаев және орынбасарлары да қатысты. 
Риддерліктердің мәдени шеруі ертең, яғни, 19 қазан күні сағат 07.00-ден бастап (Жібек Жол даңғылы 44) Риддер қаласы өнімдерінің әлеуметтік баға бойынша демалыс күнгі жәрмеңкеде жалғасын тауып, соңы көркемөнерпаздар концертімен аяқталмақ.

Серік Құсанбаев

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу