KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
524.65 607.02 6.48

Өскеменде Риддер қаласының мәдени күні өтеді

Фото: Риддер қаласының әкімдігі

15.11.2023, 10:16 430

Өскеменде 17-18 қарашада Риддер қаласының мәдени күндері өтеді. Мәдени күндер «Туған жер — алтын бесігім» акциясының аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл күндері жәрмеңке, кітаптар көрмесі және «Қазмырыш» мұражайының көрмесі өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

17 қараша сағат 10.00-де «Жекпе-жек» сарайында Риддер қаласы әкімінің кубогі ойнатылатын волейбол турнирі, 16.00-де «Ертіс концертте» Риддердің тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі, Риддердің жазушылары мен суретшілерінің кітаптары қойылған көрме, «Казцинк» мұражайындағы экспонаттар қойылған көрме, 17.30-да көркемөнерпаздар қатысатын гала-концерт өтеді.

Ал 18 қарашада сағат 8.00-де «ТНП» сауда-логистикалық орталығының алаңында ауылшаруашылық жәрмеңкесі мен көркемөнерпаздардың концерті өтеді. Мекенжайы: Қ.Сәтбаев даңғылы, 39.

Жәрмеңкеге ет, сүт өнімдері қойылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу